Алматы облысында 150 адам 9 тонна қоқыс жинады
Алматы облысында 150-ге жуық адам бір күнде 9 тоннадан аса қоқыс жинады. Іле өзенінің жағалауы мен «Көшпенділер қалашығы», «Таңбалы тас» шатқалы маңындағы бұл көрсеткіш өңірдегі экологиялық ахуалдың күрделі екенін айқын көрсетеді. «Таза бейсенбі» акциясына «AMANAT» партиясының өкілдері, «Жастар Рухы» белсенділері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар қатысып, аумақты бірнеше бөлікке бөліп тазалады. Негізгі назар өзен жағасындағы тұрмыстық қалдықтарды жинауға және жартастардағы бейберекет жазуларды өшіруге аударылды. Іле бойы – туристер жиі келетін көрікті жер. Алайда пластик, шыны, тамақ қалдықтары мен тұрмыстық қоқыстың көбеюі, сондай-ақ тарихи тастардың бүлінуі экологиялық мәдениеттің төмендігін аңғартады. Экологтар туристік аймақтарда қоқыс контейнерлерін көбейту, санитарлық жағдайды жақсарту, бейнебақылау орнату және заң бұзушыларға бақылауды күшейту қажет екенін айтады. Сонымен қатар, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар да аса маңызды.
Сенбі, жексенбі күндердің өзінде туристердің көптеп кедлуі байқалады. 4 мыңнан астам туристер келеді күніне. Соның аясында біздер таза ортаны сақтау үшін осы Іле бойының жағалауын, Көшпенділер қалашығының жан-жағының таза ұстау үшін ждастармен бірге тазалық жұмыстарына келдік. Байқағанымыз бұл жерде вандаоизмдек бар екен. Тастарға қашап жазып кеткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы