Алматы облысында 21 мыңнан аса ағаш отырғызылды
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстары жалғасуда. Кезекті ауқымды сенбілік Өтеген батыр ауылында өтті. «Таза өлке – таза жер» шарасына аудан әкімі, тұрғындар, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысты. Негізгі мақсат – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, халықты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндеу. Сенбілікке 300-ден аса адам қатысып, көшелер мен аулалар, қоғамдық орындар тазартылды. Ағаштар әктеліп, көшеттер отырғызылды. Жалпы, биыл ауданда өткен төрт сенбілікке 10 мыңға жуық адам қатысып, 600 тонна қоқыс шығарылып, 21 мыңнан аса ағаш отырғызылған. Тазалық пен көгалдандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Баян Топар, Іле ауданының тұрғыны:
Отан отбасынан басталады дейді. Сондықтан отымыздың басынан табалдырығымыздан шыққаннан бастап айналамыз таза болатын болса, біз адам мен табиғат егіз жаралған дүниеміз. Сондықтан егіз дүние бір-бірімізден ажырамауға тиістіміз. Ажырамау деген сөз тазалықты сақтау деген сөз. Отырған орның, жүрген жерің, өзіңнің ауылың гүлденіп тап-таза болып тұрса жанның рахаты емес пе?! Сондықтан тазалық бірінші кезекте.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10