Басты Жаңалықтар АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?

АҚШ-Иран: Келіссөз келісімсіз аяқталды ма?

Қазақстан Президенті АҚШ пен Иран арасындағы қарулы қақтығысты тоқтату және бітімге келу туралы келісімді қолдаған.
Ситуация қазір мынадай:
Исламабадта АҚШ пен Иран арасында өткен күрделі келіссөз нәтижесіз аяқталды. Бүгін таңертең АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеран Вашингтонның ең басты шарты — ядролық қару жасамау туралы талапты қабылдамағанын мәлімдеді.
«...Жаман жаңалық сол — біз келісімге келе алмадық, және бұл, АҚШ-қа қарағанда Иран үшін әлдеқайда жаман жаңалық деп ойлаймын», деген ол.
АҚШ вице-президентінің сөзінше, Исламабадтағы келіссөзде ирандықтардың ядролық қару жасамауға ниеті де жоқ екені байқалған.
Ал Дональд Трамп «Иран келісімге келмесе, теңіз блокадасы қарастырылуы мүмкін» деп әлеуметтік желідегі парағында жазды.
Иран тарабы Исламабадтағы келіссөзде Ормуз бұғазы, соғыс шығындарын өтеу және Иранға қарсы соғысты толық тоқтату мәселелерін көтерген. Пәтуаға келу үшін АҚШ «шамадан тыс және заңсыз талаптардан бас тартуы» керек дейді олар.
Қақтығысты тоқтату туралы келісім жарияланғанда мұнай баррелінің бағасы 100 доллардан да әжептәуір түскен. Кейін мәміленің пафосы көп екені байқалған соң, қайтадан көтеріліп, 100 долларға жақындап қалды.
АҚШ пен Израильдің Иранға соғысы Иранды әскери жағынан әлсіреткенімен, «жеңдік» дейтіндей ешнәрсе байқалмайды. Сараптамалық материалдарды қарасақ, Иранның клерикалды жүйесін жек көретін азаматтары ел ішіндегі жағдайдың тіпті ушығып кеткенін айтады. Бұл — саясат жағынан. Ал нан-суға келсек, халықтың қалай күн көріп жатқанын ойлау қорқынышты...

Бөлісу