Президент: «Таза Қазақстан» – қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған жоба
Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау кезінде қоршаған ортаны қорғау және тазалық мәдениетін қалыптастырудың да маңызына тоқталды. Президенттің айтуынша, «Таза Қазақстан» жобасы тек абаттандырумен шектелмей, қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Бастама азаматтарды ел тағдырына бей-жай қарамай, ортақ болашақты бірге құруға үндейтінін атап өтті. Сондай-ақ жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет – дамудың басты негізі екеніне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілетті елге айналуында сапалы адам капиталы шешуші рөл атқаратынын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қоғамда тазалықты сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін орнықтырудың мән-маңызы зор. Осы ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын айрықша атап өткен жөн. Бұл бастама қала мен ауылды абаттандыру жұмысымен шектелмейді. Оның түпкі мәні – қоғамдық сананы жаңғырту. Сол арқылы азаматтарымызды қастерлі Отанымыз – Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамай, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыру.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19
Бір түнде 3 адамға трансплантация жасалды
11.09.2026, 20:19