СҚО-да ағаш өңдейтін зауыт салынады
Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдейтін зауыт салынады.
Қазақстан Үкіметі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасындағы инвестициялық келісімге сәйкес жоба алдағы үш жылда іске асады. Жалпы құны 70 млрд теңге. Кәсіпорынның іске қосылуы кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын ашуға, өңірде ағаш өңдеу саласын дамытуға, экспорттық әлеуетті жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа зауыт жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плита және 20 млн шаршы метр ламинацияланған плита шығара алады. Келісімде қазақстандық тауарлар мен шикізатты пайдалану міндеттелген. Инвестор өндірістің кемінде жартысын ішкі нарыққа бағыттауы тиіс. Ал жобалық қуат 80%-ға жеткеннен кейін экспорт көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін көбейеді. Сонымен қатар, зауыт маман даярлау, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыруды өз мойнына алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы