Басты Жаңалықтар О.Бектенов: Бәсекелестік күшейіп, әкімшілік кедергілер жойылуы тиіс

О.Бектенов: Бәсекелестік күшейіп, әкімшілік кедергілер жойылуы тиіс

Экономиканы ырықтандыру, бәсекелестікті күшейту және түрлі салалардағы әкімшілік кедергілерді жою бағыттарына басымдық берілуі тиіс. Бұл денсаулық сақтау, байланыс, энергетика және табиғи монополиялар секторларын қамтиды. Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов тиісті органдарға осындай тапсырма берді. Жиын барысында Президент Жарлығының орындалу барысы талқыланып, дәрі-дәрмектерді тіркеу мерзімін айтарлықтай қысқарту мәселесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар мобильді құрылғыларды сәйкестендіру, телекоммуникация нарығын дамыту және деректер орталықтарының жұмысын жетілдіру мәселелері қозғалды. Электрондық құжат айналымы жүйелерін дамыту мен цифрлық нарықтағы бәсекені арттыру да назардан тыс қалмады. Бұдан бөлек, инвестиция тарту, жаңа қуат көздерін іске қосу және тариф саясаты талқыланды.


Бөлісу