Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
«Қызыр қонған Қызылжар» атты республикалық командалық айтыс өттті.
Бұл жолы Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарының суырыпсалма ақындары сөз сайысына түсті. Жыр додасында сүре, түре, қайым айтыс пен қыз-жігіт айтысы секілді дәстүрлі сөз сайыстары жаңа сипатта қайта жанданды. Сонымен қатар сахнада әуезді халық әндері шырқалып, жыр-термелер төгілді, ал күйдің күмбірі көрерменге ерекше әсер сыйлады. 4 кезеңнен тұратын сайыс бір жарым жыл бойы жалғасады. Қазақстанның барлық аймағынан 20 команда қатыспақ. Петропавл қаласында өткен өнер додасы Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналды.
Жарқын жұпархан, Айтыскер ақын:
Негізгі мақсаты – 5 өнерді бір қамбаға түйістіре отырып, қазақтың ұлттық болмысын көрсету, қазақтың бай мұрасын, жоғалып кеткен әндерді, күйлерді, жырларды қайтадан жарыққа алып шығу. Сонымен бірге өңір-өңірде тасада жүрген айтыскер ақындарға осы командалық айтыс мүмкіндік беріп тұр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16