Жүргізушісіз автомобильдер мен дрондар жүретін болды
Қазақстанда жүргізушісіз автомобильдер мен дрондар
пайда болады. Қазір елде пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы бүгін
Үкімет отырысында айтылды. Пилотсыз транспорттар қай қалада, қашан қолданысқа
енеді? Нұрсұлтан Тілектес толықтырады.
Елімізде пилотсыз әуе таксилер пайда болады. Аппараттар сағатына 300 шақырымнан
аса жылдамдықпен ұша алады және жолаушыларды Алматы әуежайынан Медеуге дейін
небәрі 10-12 минутта жеткізеді.
Жаслан Мәдиев, Премьер-министрдің орынбасары – ЖИ және цифрлық даму министрі:
Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың екінші тоқсаны. Бұдан бөлек елде жеке бастама аясында жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Аэротакси жолаушыларды да, жүктерді де тасиды. Қазір ұшу мен қонудың нақты
кестесі, сондай-ақ нормативтік базаны әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба
туристік әлеуетті дамытпақ. Болжам бойынша өңірдегі туристер ағыны 8 миллион
адамға жетуі мүмкін.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысында пилотсыз машиналар да жүрмек. Қазір, тиісті инфрақұрылым дайындалып жатыр. Дәлірек айтсақ, e-Joldar жүйесі аясында жолдардың цифрлық паспорты жасалуда.
Президент алдағы үш жылда толықтай цифрлық елге айналу жөнінде тапсырма берді.
Бүгінде дерлік барлық сала жаппай сандық жүйеге көшіп жатыр. Инфрақұрылым
жақсарып жатыр. Цифрлық даму министрінің сөзінше, инновацияға салынған әр теңге
екі есе пайда әкелген. Бір ғана «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы
экономикаға 53 млрд теңге әкелген.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Жаңа технологиялардың әлеуетін геологиялық барлау жұмыстарында сыналмақ. Нақтырақ айтсақ, жасырын кен орындарын іздеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Біреу білсе, біреу білмес, елімізде бүгінге дейін 5000-нан астам кен орны зерттелмеген.
Ерсайын Нағаспаев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Бұл әдіс жер астындағы металдардың әлсіз ізін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша мамандар пайдалы қазбалардың бар-жоғын анықтай алады. Алынған деректер 2D және 3D модель түрінде шығарылып, перспективті аймақтарды дәл айқындауға мүмкіндік береді.
Жалпы елімізде 250-ден астам цифрлық жоба іске ақан. Бүгінде astanahub.com
платформасы негізінде Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі іске қосылған.
Платформада 2000-нан астам IT-компания, 100-ден астам өнеркәсіп кәсіпорны және
900-ден астам ғылыми ұйым мен зертхана біріктірілген. Қысқасын айтқанда,
Президент айтқан межеге жақындап келеміз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмола облысында «World Skills» чемпионаты басталды
31.03.2026, 17:38
Павлодарлық жастар «Таза Қазақстанға» тың тәсіл іздеуде
31.03.2026, 17:37
Шекара қызметі сарбаздарын шығарып салды
31.03.2026, 17:36
ЮНЕСКО тізіміне 2 құжат қосылуы мүмкін
31.03.2026, 17:35
Ақтөбе облысында 150 орындық балабақша ашылды
31.03.2026, 17:34
Петропавлда «Серпін» бағдарламасымен 1400 студент білім алды
31.03.2026, 17:32
Дәрігерлеріміз Ыстанбұлда біліктіліктерін арттырды
31.03.2026, 17:30
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
31.03.2026, 17:27