Электр самокаттарға бақылау күшейеді
Алматыда электросамокаттарды пайдалану тәртібі қатаңдайды. Қалалық Көлік басқармасы микромобильді көлік құралдарына қатысты жаңа шектеу шараларының енгізілетінін хабарлады. Бұл шешім, ең алдымен, жол қауіпсіздігін арттырып, ретсіз қозғалысты жүйелеуге бағытталған. Енді электросамокаттарды пайдалану үшін жергілікті атқарушы органдардың келісімі қажет. Қала билігінің айтуынша, бұл толық тыйым емес. Негізгі мақсат – бақылаусыз қызмет көрсетіп келген компаниялардың жұмысын заң аясында ретке келтіру. Айта кетейік, тексеріс барысында кейбір компанияның рұқсатсыз жұмыс істеп жатқаны анықталған. Осыған байланысты қала көшелеріндегі бей-берекет жатқан, рұқсаты жоқ компаниялардан самокаттар алынып жатыр.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09