272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар
Ел бойынша 272 елді мекенде су тасқыны қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары Әсет Жылқайдаров мәлімдеді. Өңірлерде су тасқынына қарсы жұмыстардың 92 пайызы аяқталған. Бөгендер салынып, дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді. Өзендердің қауіпті учаскелерінде түбін тереңдету, жағалауды бекіту арналарды түзету және тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстары ерекше бақылауға алынды. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тасқынның шарықтау кезеңі өтіп жатыр.
Әсет Жылқайдаров, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының орынбасары:
Қазгидромет, талсим, тасқын жүйелері арқылы бізге осы өңірлерде 15 елді мекенге қауіп бар деген ақпарат берілді. Сол ақпарат бойынша біз жергілікті атқарушы органдармен бірге сол елді мекендерге шығып, талдау жасадық. Сол елді мекендерге күш құралдарын және жасалған жұмыстарды зерделеп, қарап бақылауда ұстаудамыз.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
3 әскери қызметшінің мәйіті туған жеріне жеткізілді
25.09.2026, 13:06
Каспийде іздестіру жұмыстары аяқталды
25.09.2026, 13:03
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09