Жыл сайын 40 мыңнан аса адамнан қатерлі ісік анықталады
Жыл сайын шамамен 41 мың адамнан қатерлі ісік анықталады. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов хабарлады. Одан бөлек еліміздегі әр төртінші ересек адамда қан қысымы бар. Ал дәрі-дәрмек тұтыну көрсеткішіне сүйенсек, 4 миллионнан астам адам бұл дертпен ауырады. Олардың басым бөлігі дәрігерге жүгінбей, өздігінен ем қабылдайды. Осыған байланысты дәрігерлер халықты уақытылы медициналық тексеруден өтіп, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Эрик Байжүнісов, ДСМ «Қоғамдық
денсаулық сақтау ұлттық орталығының»
басқарма төрағасы:
Жыл сайын біз шамамен 41 мың адамнан қатерлі ісік анықтаймыз. Бұл – күніне 113 науқас деген сөз. Қазіргі таңда есепте 234 мың адам тұр. Ауруларды көбіне скринингтің арқасында ерте кезеңде анықтап жатырмыз. Ерте диагноз қойылса, ем нәтижесі де әлдеқайда тиімді болады. Басқа аурулар бойынша да дер кезінде жүгінген жағдайда, емді уақытында бастап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік бар.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13