Басты Жаңалықтар 25 мың жас жұмыспен қамтылады

25 мың жас жұмыспен қамтылады

Биыл «Жастар практикасы» жобасы аясында 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамтылмақ. Жыл басынан бері 423 адам жұмысқа тұрған. Бағдарламаға қатысушылардың арасында медбике, заңгер, шет тілі мұғалімі, тәрбиеші және және бастауыш сынып мұғалімі мамандығы үлкен сұранысқа ие. Қазір аталған салалар бойынша 300-ден астам жас жұмыс істеп жатыр. Республика бойынша орташа жалақы мөлшері 130 мың теңгеге жуықтайды. Жастар практикасына қатысатындардың жалақысын Еңбек ұтқырлығы орталығы төлейді. Төлем «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүргізіледі және ай сайын беріледі.

Айта кету керек, Жастар практикасына алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жасы 35-тен аспаған, білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін «Мансап» орталығына өтініш беру қажет.


Бөлісу