Көктемде 21 мыңнан аса азамат әскерге алынады
Биыл көктемде 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке тартылады. Президент Жарлығымен 17 наурыздан бастап армияға шақырту басталды. Қорғаныс министрлігінде арнайы кеңес өтіп, науқанды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды. Шақырту жұмыстары 30 маусымға дейін жалғасып, сарбаздар қатарына 18-27 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Оның ішінде 11 мыңнан астам адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан астам адам Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде шетел азаматтарын бақылау күшейеді
24.11.2026, 17:26
Әлеуметтік салаға жаңа серпін
24.11.2026, 17:24
Бала дамуына берілген мүмкіндік
24.11.2026, 17:17
Ел тұрғындары: Заң мен тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
24.11.2026, 17:17
Азаматтық кодекс: Мүлік иелерінің құқығы қорғалады
24.11.2026, 17:15
Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
24.11.2026, 17:13
Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды
24.11.2026, 17:12
Таразда алғашқы AI-кеңсе ашылды
24.11.2026, 17:10