Қазақстан экономикасы үздік 40 елдің қатарына кірді
Қазақстан экономикасы үздік 40 елдің қатарына ілікті. Бұл Visual Capitalist халықаралық валюта қорының дерегі. Осыдан бір ай бұрын ғана Қазақстан ТОП-50 елдің тізімінде болған еді. Қазір 36-шы орынға көтерілді. Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктері мен Сингапур сынды алып елдерден бір-екі сатыға төменірек жайғасқан. Өткен айда үздік үштікті АҚШ бастаса, осы айда Қытай экономикасы алға шықты. Бұл елдің сатып алу қабілеті 43,5 трлн долларға бағаланып отыр. Одан кейінгі сатыда АҚШ тұр. Үздік үштікті Үндістан түйіндеген. Қазақстан экономикасының жалпы көлемі ақшаға шаққанда 973 млрд долларды құрайды. Мұндай статистика елдегі өндіріс көлемі мен халықтың сатып алу мүмкіндігі, күнкөріс деңгейін ескеріп жасалады.
Әділжан Мұстафин, Экономикалық зерттеулер институты
Әлемдік экономиканы зерттеу орталығының сарапшысы:
Қандай мемлекет болмасын экономика жалпы ішкі өніммен өлшенеді. Яғни елдегі қызметтер мен тауарлардың жалпы бағасы доллармен есептеледі. Салыстырар болсақ, АҚШ-та бір қызметті 10 долларға алуға болады, ал бізде ол қызмет 2 доллар тұрады. Міне осындай баға айырмашылығы экономикада рөл ойнап кетпеу үшін халықтың сатып алу қабілеті ескеріледі. Тауар бағасы өссе, сатып алу қабілеті төмендейді.
Автор
Алдияр Айтбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Өз жерінің елшісі»: Руханият форумы өтті
26.05.2026, 20:59
«Almaty Superski» тау курортын салу жобасы қолдау тапты
26.05.2026, 20:56
Вице-премьер «Қазақстан» телерадиокорпорациясының жаңа медиаорталығын аралады
26.05.2026, 20:54
Аида Балаева «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының заманауи медиакешенімен танысты
26.05.2026, 20:22
Тегін дәрі-дәрмек беру тәртібі өзгереді
26.05.2026, 20:09
Қатерлі ісікке қарсы отандық препарат сынақтан сәтті өтті
26.05.2026, 20:07
Биыл жатақхана мәселесі толық шешілмек
26.05.2026, 20:06
Еуропаға 103 жылда болмаған аптап ыстық жетті
26.05.2026, 20:05