Басты Жаңалықтар Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті

Рубио Орталық Азия елдерің сыртқы істер министрлерімен кездесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бүгін Самарқандта Орталық Азия республикаларының сыртқы істер министрлерімен жүздесті. Кездесуде ол Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан бас дипломаттарымен сауда, инвестиция, аймақтық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Рубионың ойынша, Орталық Азия бүгінде инвестиция мен экспорт үшін маңызды бағытқа айналып келеді. Тағы сөзінде мемлекеттік департамент жетекшісі Құрама Штаттардың біздің өңірмен экономикалық байланыстарды кеңейте отырып, маңызды жеткізу тізбектерін қамтамасыз етуге күш салып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, Рубио АҚШ-тың Орталық Азия мемлекеттерінің егемендігі мен тәуелсіздігін қолдап, олармен серіктестікті одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін де мәлімдеді.

Бөлісу