Басты Жаңалықтар Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті

Өскеменде «Жас мерген» облыстық турнирі өтті

Өскеменде мектеп оқушылары арасында садақ атудан «Жас мерген» атты ашық облыстық турнир өтті. Дәстүрлі спорттық сайысты Қазақстан телерадиокорпарациясының шығыстағы филиалы Altai  телеарнасы ұйымдастырды. Жарысқа Шығыс Қазақстанмен қатар, Павлодар және Абай облыстарынан келген жас садақшылар қатысып, мергендіктерін сынады. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен өткен сайысқа бұл жолы 70 жас мерген қатысып өзара мықтыны анықтады. Турнирдің телевизиялық жоба форматында өтуі көрермен үшін де қызық. Жарыстың қорытындысы бойынша үздік шыққан үш оқушыға ақшалай жүлде тапсырылды. Ал сайысқа қатысқан барлық оқушы бағалы сыйлықпен марапатталды.

Ажар Төлеуханова, ШҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті:

Бұл Шығыс Қазақстан өңірінде садақ атудың дамуына үлкен серпін болады деп сенемін. Қаншама жас бала қолына садақ алып үйреніп жатыр. Облыстық турнир ертеңгі республикалық чемпиондарды шығарады деген үміттеміз.

Бөлісу