Басты Жаңалықтар Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады

Трамп санкцияны жеңілдеткеннен кейін мұнай 2% арзандады

Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы айтарлықтай арзандады. Соңғы мәліметке қарағанда, оның Brent маркасының баррелі бірден 2 пайызға арзандап, 107 доллар 57 центке сатылып жатыр. Ал энергетикалық шикізаттың америкалық сұрыбының құны 99 долларға саудаланды.

Көмірсутегі бағасының төмендеуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкциялар мен тарифтерді жеңілдетуі және доғаруы себеп. Кейбір сарапшылардың ойынша, Трамптың бұл шешімі Мәскеуге отынды көбірек экспорттауға мүмкіндік беруі мүмкін.

Бөлісу