Басты Жаңалықтар 7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған

7 жыл ішінде отбасын қолдайтын 160 орталық ашылған

Елімізде 7 жыл ішінде 160 отбасыны қолдау орталығы ашылды. Жыл басынан бері орталықтарға 50 мыңнан астам өтініш түскен. 43 мыңнан астам отбасы кешенді кеңес алса, тағы 6 мыңға жуық отбасы мамандардың тұрақты бақылауында болған. Айта кетейік, қолдау орталықтары қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді. Қажет болған жағдайда медициналық көмек пен уақытша баспана да қарастырады. Отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелер бойынша тәулік бойы 111 байланыс орталығы жұмыс істеп тұр.

Бөлісу