Басты Жаңалықтар Президент Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент Жарлығымен бірқатар қоғам қайраткері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Жаңа Конституцияның қабылдануына орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент атынан Конституциялық комиссияның бірқатар мүшесіне, БАҚ және қоғам өкілдеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Атап айтқанда, Конституциялық сот судьясы Қайрат Жақыпбаев ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаров, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аят Сүгірбай «Парасат» орденіне ие болды. Jibek Joly телеарнасының директоры Еркежан Күнтуған «Құрмет» орденімен наградталды. Нәрікбаев атындағы  университеттің профессоры Алмас Жұмағали, Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұхамедқали Тауан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Жанар Санхаеваға, Президенттік мәдениет орталығының маманы Дастан Қонысбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жарияланды. Ерлан Қарин марапат иелерін құттықтап, референдумда азаматтарымыз қабылдаған жаңа Конституция біздің қоғамның президенттік реформалар төңірегіне топтасып, тұтаса түсетінін тағы бір мәрте растағанын атап өтті.


Бөлісу