Басты Жаңалықтар Алатау қаласына арнайы мәртебе беру жөніндегі заң жобасы дайын

Алатау қаласына арнайы мәртебе беру жөніндегі заң жобасы дайын

Үкімет жаңа Конституция аясында Алатау қаласына арнайы мәртебе беру бойынша конституциялық заң жобасын әзірледі. Құжат Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауына сәйкес дайындалған. Жаңа заң жобасы Алатау қаласының дамуын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Атап айтқанда, жергілікті басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктері айқындалады. Сонымен қатар қалада озық халықаралық стандарттар мен технологиялық нормаларды енгізу қарастырылған. Бұдан бөлек, құжатта цифрлық активтердің айналымын реттеу, шағын биіктіктегі экономика мен ұшқышсыз аппараттарды дамыту мәселелері қамтылған. Инвесторларды қорғау және олардың тұрақтылығына кепілдік беру, сондай-ақ салық пен бюджеттік қатынастардың ерекше режимін енгізу де – негізгі басымдықтардың бірі.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

Қазіргі уақытта конституциялық заң жобасы - Парламенттің қарауында. Ағымдағы жылы 20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент Палаталарының бірлескен отырысының 1-оқылымын, ал 27 наурызда 2-оқылымын өткізу жоспарлануда. Заң жобасы наурыз айының сонына дейін Мемлекет басшысының қарауына енгізілетін болады.


Бөлісу