Су кодексіндегі бірқатар норма күшейтілді
Мемлекет басшысының тапсырмасы
бойынша жаңа Су кодексіндегі бірқатар норма күшейтілді. Су ресурстары және
ирригация министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, заңнамада су тасқынының алдын
алу, тұрақты түрде болжам жасау, тәуекелдерді жүйелі басқару жұмыстары
қарастырылған. Ол цифрлық жүйе арқылы жүзеге аспақ. Мәселен, «Қазгидромет» ауа температурасын, жердің
қаншалықты қатқанын, суды сіңіруі көрсеткіші мен қанша қар түскенінен дерек береді.
Спутниктер мен жасанды интеллектіге негізделген «Tasqyn» жүйесінен, аэроғарыштан
түсірілген суреттерден де ауқымды деректер алынады. Жүйе 135 өзенді талдайды.
Ал TALSIM-NG моделі нақты уақыт режимінде жұмыс істеп, өзен бассейндерінің «цифрлық көшірмесін» шығарады. Бағдарлама су
тасқыны басталмай тұрып, оның санын алдын ала есептеп шығарады. Су қоймалары
мен гидротехникалық нысандардың жұмысын жоспарлап, бөгеттердің беріктігіне
тұрақты көпфакторлы тексерулер жүргізеді, су жинауға арналған бос орындарды
дайындайды.
Айта кетейік, жұмыстарды үйлестіруге 5 министрлік жауапты болмақ.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Пара үстел теннисіндегі тарихи нәтиже
20.10.2026, 17:20
Маңғыстаудағы «Қызылсай» табиғи паркін дронмен бақылайтын болды
20.10.2026, 17:19
7 жылда 1 млн-дай отбасы баспаналы болды
20.10.2026, 17:17
Республика күні: Тарихи сабақтастық пен стратегиялық бағдар
20.10.2026, 17:15
Атырау өңіріндегі алпауыт балық зауытын жаңартып жатыр
20.10.2026, 17:14
Елде су қоймалары көбейді
20.10.2026, 17:12
Жетісу диқандары 439 мың тонна жүгері жинамақ
20.10.2026, 17:10
Еліміздің бірнеше өңірінде күн күрт бұзылады
20.10.2026, 17:07