Президент Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституцияны қабылдау бойынша Республикалық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Шахбаз Шарифтің айтуынша, дауыс беру нәтижесі ел азаматтары Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын кеңінен қолдайтынын көрсетті. Президент референдум қорытындысын жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты. Тараптар биыл ақпан айында Мемлекет басшысының Пәкістанға жасаған сапарында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері сөз болды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03