Алматыдағы референдум учаскелерінің бәрі жұмысын тоқтатты
Алматыдағы барлық референдум учаскелері жабылды. Дәл қазір онда қызу жұмыс басталды. Алматыдағы әріптесіміз Айдана Қуантхан референдум учаскесінен тікелей қосылуға дайын тұр. Айдана, мегаполистегі ахуал қалай?
Айдана Қуантхан, тілші:
Қайырлы кеш, әріптес! Біз қазір 254 референдум учаскесінде тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, комиссия мүшелері жұмысқа толық кірісіп кеткен. Қазір бюллетеньдер жиналып, рет-ретімен саналады. Одан кейін қорытынды хаттама әзірленіп, барлық ақпарат аумақтық комиссияға жіберіледі. Айта кетейік, бұл процестің барлығы қауіпсіздік талаптарына сай қатаң бақылауда. Сондықтан учаскеде артық адамдардың болуына жол берілмейді.- Негізгі учаскеде белсенділік қалай болды?
Ғазиза Нұрғалиева, №254 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы:
Жалпы Алматыда жауапты шараға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатысты. Дауыс беруге тек қарапайым тұрғындар емес, ғалымдар, елімізге танымал өнер қайраткерлері мен спортшылар да арнайы келді.
Айдана Қуантхан, тілші:
Айта кетейік, мегаполис бойынша 1 млн 300 мыңнан аса дауыс беруші тіркелген. 653 учаскенің 71-і перзентхана, шипажай, әскери оқу орындары секілді арнайы нысандарда жұмыс істеді. Саяси науқанның жұмысына 4550-ден астам комиссия мүшесі атсалысты. Шаһардағы референдум учаскелерін 9 қоғамдық ұйымның байқаушылары жіті қадағалады. Комиссия мүшелерінің айтуынша, дауыс беру белгіленген тәртіп пен талаптарға сай ұйымдастырылып, өрескел заң бұзушылықтар болмаған.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07