Түркістан облысында референдумда жастар белсенділік танытты
Елімізде ең көп референдум учаскесі Түркістан облысында тіркелген. Тұрғындардың белсенділігі жоғары, көңіл күйі көтеріңкі. Кешкі сегізге дейін бас аяғы 1 млн 187 мыңнан аса азамат дауыс беруі мүмкін. Учаскелердің басым көпшілігі Сайрам, Сарыағаш, Жетісай және Төлеби аудандарында тіркелген.
Жастар жағы референдум учаскелеріне топ боп келіп жатыр. Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде студенттер дауыс беру үшін кезек күтіп тұр. Ал Кентау қаласының Хантағы ауылында жаңадан отау құрған жас жұбайлар мектептегі референдум учаскесіне келіп дауыс берді.
Диас Қанатұлы, Хантағы ауылының тұрғыны:
Біз отбасы құрғалы бірінші үлкен қадамымыз. Еліміздің болашағына бір үлесімізді қостық деп санаймыз. Және бұл қадам үлкен біздің болашақ балаларымыздың болашағына, жалпы өркендеуімізге үлкен үлес қосады деп санаймыз.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03