Референдум күні бес баланың тұсауын кесті
Бұл саяси науқанда ақтөбеліктер де ерекше белсенділік танытуда. Референдум учаскелерінен мерекелік көңіл-күй сезіледі. Таңдау жасауға келген тұрғындар бес бірдей баланың тұсау кесер рәсіміне куә болды. Сондай-ақ, бүгін «Алтын тойға» жетіп жатқан жұбайлар да дауыс беруге бала-шағасын ертіп келді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жақсылық Айжановтың зайыбымен шаңырақ
көтергеніне бүгін 50 жыл толыпты. Ол алтын тойының ел болашағы үшін маңызы зор
саяси науқанмен тұспа-тұс келгенін жақсылыққа балағанын айтады. Сондықтан да,
референдум учаскесіне балалары мен немересін де әдейі ертіп келген.
Жақсылық Айжанов, Жазушылар
одағының мүшесі, ақын:
Тәуелсіздігім, шын бақытымсың сен менің деп, өзімнің барым, бақытты кезеңдерім осы тәуелсіздікпен келді.Сондықтан еліме бақыт тілеймін. Сол үшін, халқымыздың болашағы үшін дауыс беріп жатырмыз.
Есет батыр ауданындағы референдум учаскесіне келгендер де
бүгін керемет көріністің куәсі болды. Мұнда «Тұсау кесер»
рәсімі өтті. Ата-аналардың шақыртуымен елге, өңірге танымал ардагер спортшылар
мен қоғам қайраткерлері арнайы келіп, сәбилердің тұсауын кесті.
Айнұр Ұлмағамбетова, қала тұрғыны:
Ұлы күнде тұсауы кесілгеніне қуаныштымын және осындай ұлы, атақты адамдарға тұсауын кестірдім. Сол кісілердің жолын берсін!
Референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған тұрғындар да балдырғандардың
болашағы жарқын болуын тіледі.
Осындай кішкентай ұрпақтарымыз көркейіп, өсе берсін! Бүгінгі жасап жатқан іс -шара, бүгінгі жасап жатқан таңдауымыз қайырлы, берекетті болып, ел бақуатты болып өсе берсін! Әумин!
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04