Ақмола облысында 18-ге толған азаматтар саяси науқанға араласа бастады
Ақмола облысында бүгінде 18 жасқа толған 7 мыңға жуық жас бар. Олар алғаш рет саяси маңызды науқанға қатысып, таңдауын жасауға, сөйтіп, мемлекет болашағына үлес қосуға конституциялық мүмкіндік алып отыр.
Көкшетауда референдумге қатысып, өзінің азаматтық ұстанымын білдіруге келген жастардың саны айтарлықтай көп. Әсіресе, 1 курс студенттері саяси науқанға бірлесіп келген. Сондай жастардың бірі 1-ші курс студенті - Айкөркем. Ол болашақта тарихшы болуды армандайды. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген студент қыз референдумның ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін түсініп келгенін айтады. Көкшетауда 79 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Онда барлығы 139 мыңға жуық азамат тіркелген.
Айкөркем Асылбекқызы, студент:
Мен 18 жасқа кеше ғана толдым және осындай тарихи сәтке, референдумға, жалпы елімнің болашағына өзімнің үлес қосып жатқаныма шын жүректен қуаныштымын. Бұл өте қызықты, тарихи сәт.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03