Атырау облысында мұнайшылар дауыс берді
Атырау облысында мұнайшылар дауыс берді. Өңір өнеркәсіптік аймақ болғандықтан азаматтардың басым көпшілігі вахталық әдіспен жұмыс істейді. Сондықтан кен орындарына дауыс беру жәшіктері жеткізілген. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тікелей байланысқа шықты. Нұрсұлтан, облыс азаматтарының белсенділігі қалай?
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Иә, Альбина, аймақта дауыс беруге құқылы азаматтардың тең жартысынан көбі өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясының 14:00-де таратқан ақпаратына сәйкес Атырау облысы тұрғындарының 56 пайызы белсенділік танытқан. Сондай-ақ саяси науқанның көрігі мұнай кен орындарында да қыза түсті. Еліміздің әр түкпірінен жиналған қара алтын қорын игерушілер қауырт жұмысқа қарамастан, дауыс берді. Оларға арнайы дауыс беру жәшіктері жеткізілген. Жылыой ауданы Теңіз кен орнындағы азаматтар таңдауын жасауы үшін уақытша 8 референдум учаскесі ашылды. Қазір онда әр түрлі мамандықтағы 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қызметкерлерді учаскелерге жеткізу үшін тегін автобустар қатынап жатыр. Сондай-ақ Қашаған, Баутин базасы, Ескене кен орындарында да 4 мыңға тарта адам өз дауыстарын беріп жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04