Президент референдум барысында пікірін айтты
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша
республикалық референдумға қатысып, елордадағы № 51 референдум учаскесінде
дауыс берді. Одан соң Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін
еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті. Жаңа
Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін
қорғайды. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, -
деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының
Президенті:
Бұл құжат тәуелсіздігімізді, егемендігімізді қорғайтын басты құжат. 1995 жылы қабылданған Конституцияның рөлі өте ерекше. Бірақ заман деген бір жерде тұрмайды. Жаңа Конституцияны қабылдайтын сәт келді. Сондықтан мен өзім жұмысқа кірістім. Конституцияның преамбуласын басқа да нормаларды өзім жаздым. Сондықтан болашақта жақсы қызмет ететіне күмәнім жоқ.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04