Алматы облысында миллионнан аса адам дауыс бере алады
Алматы облысында бір миллионнан астам тұрғын дауыс беруге құқылы. Олардың ішінде алты мыңға жуық азамат алғаш рет өз таңдауын жасамақ. Қазір облыс орталығынан әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр. Қуан, халықтың белсенділігі қалай?
Қуан Нұрақын, тілші:
Қайырлы күн! Біз қазір облыс орталығындағы №949 референдум учаскесінің жанында тұрмыз. Таңертеңнен бері бірнеше учаскені аралап шықтық. Дауыс беруге келген тұрғындар көп. Халықтың белсенділігі жоғары, көңіл-күйлері де көтеріңкі. Жалпы облыс бойынша дауыс берушілер үшін 677 учаске жұмыс істеп тұр. Барлығы қажетті материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген.
Сауалнама:
- Бүгінгі күн мен үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды деп ойлаймын. Референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Бұл – азаматтық міндетімді орындау.- Бұл – біздің болашағымыз. Болашақ өз қолымызда. Сондықтан көңіл-күйім өте жақсы.
Қуан Нұрақын, тілші:
Референдум учаскелеріндегі комиссия құрамында шамамен 4800 адам еңбек етуде. Олардың барлығы дайындық кезеңінде арнайы оқытудан өткен. Сонымен қатар, 16 өңірлік және 11 республикалық үкіметтік емес ұйымнан байқаушылар тіркелген.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03