Семейде қоғамдық көлік тегін қатынауда
Елімізде өтіп жатқан референдумға Абай облысының тұрғындары да ерекше белсенділікпен қатысып жатыр. Таң сәріден өңірдегі барлық учаскелерде дауыс беру процесі басталып, халық өз таңдауын жасауда. Қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз, Ержан Жақып тікелей эфирде саяси науқанның барысы жайлы бөлісуге дайын тұр. Ержан, дауыс беру қалай өтіп жатыр, абайлықтардың көңіл күйі қалай?
Ержан Жақып, тілші:
Қайырлы күн, Қонысбек!
Абай облысында халықтың референдумға қатысу белсенділігі жоғары. Таңғы 7 ден
бір мезетте барлық референдум учаскелері жұмысқа кірісті. Тұрғындар үздіксіз
келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Жалпы облыс бойынша дауыс беруге құқығы бар
400 мыңнан астам азамат тіркелген. 465
референдум учаскесі бар. Өңір халқының саяси науқанда белсенді болуы бекер
емес. Өйткені жаңадан құрылған облыста соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған
әлеуметтік, инвестициялық жобалар іске асып жатыр. Мәселен тек өткен жылдың
өзінде 300 млрд теңгенің инвестициясы тартылған. Қазір облыс орталығы үлкен
құрылыс алаңына айналған. Мысалы 70 мың халық тұратын «Семей смарт сити»
аталатын жаңа шағын аудан салынбақ. Қазірдің өзінде іргетасы қаланып құрылысы
басталған. Сондықтан облыс тұрғындары өңір болашағынан зор үміт күтеді. Қазір
біз қаладағы 64 ші референдум учаскесіндеміз. Менің жанымда референдум
комиссиясының мүшесі, Арайлы Болатханқызы тұр. Арайлы Болатханқызы дауыс беру
процесі қалай жүріп жатыр?
Арайлы Болатханқызы, №64 референдум учаскесінің комиссия мүшесі:
Ержан Жақып, тілші:
Рақмет! Бүгін Семей қаласында барлық қоғамдық көліктер тегін қатынап жатыр. Референдум учаскелерінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, халықтың көңіл-күйін көтеретін түрлі шаралар қолға алынған. Тың деректер болса өңірдегі саяси науқанның барысы жайлы алдағы эфирлерде бөлісуге дайынбыз.