Басты Жаңалықтар Ел бойынша 10 388 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр

Ел бойынша 10 388 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр


Дәл қазір ел аумағында 10 388 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 92-сінде аумақтық комиссиялардың шешімі бойынша дауыс беру сағат 06:00-де басталды. Бұл негізінен әскери бөлімдер мен емдеу мекемелеріндегі учаскелер. Мұнда дауыс берушілер саны шектеулі болғандықтан, дауыс беру белгіленген уақыттан ертерек аяқталуы мүмкін.


Ал қалған учаскелер кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады.


Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, 12,5 миллионға жуық азамат дауыс беруге құқылы.


Сонымен қатар, учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде дауыс беру құқығын беретін 17 514 есептен шығару куәлігін берген. Бұл құжаттың арқасында жұмыс немесе отбасылық жағдайына байланысты басқа өңірлерде жүрген азаматтар сол жерде дауыс бере алады.


Ал шетелдерде 71 референдум учаскесі ашылған. Осылайша 54 мемлекетте жүрген қазақстандықтар да ел үшін маңызды науқанға қатысу мүмкіндігіне ие.



Бөлісу