Президент аймақтардағы әкімдердің жұмысын сынады
Жергілікті билік не істеп отыр? Мемлекет басшысы кеше өткен мәслихат депуттарының республикалық форумында ауыл-аймақтан Астанаға келіп түсетін арыз-шағымдардың күрт көбейгенін айтқан еді. Былтыр өңірлерден Президент әкімшілігіне 83 мың өтініш келген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек деп атқамінерлерді сынға алды. Өйткені шағымдардың басым бөлігі жергілікті деңгейде шешуге болатын мәселелер деді. Президент мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жететін де еске салды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Ашығын айтқанда, жұрт өңірдегі биліктен ең қарапайым деген мәселелерге қатысты түсініктеме ала алмайды. Содан соң азаматтар елордаға хат жолдап, тікелей Президентке жүгініп жатады. Шын мәнісінде, олардың арасында үнемі арыз жазатын «кәсіби» шағымданушылар бар, бірақ көбі өз мұң-мұқтажын айтып, Ақордаға шағымдануға мәжбүр. Түптеп келгенде, аймақтардың дамуы, тұрмыс сапасының жақсаруы, жұрттың билікке зор сеніммен қарауы Сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Осыны әрдайым басты назарда ұстаған жөн.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29