«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
Наурызнама онкүндігіне орай Республика бойынша «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталады. Шараға шамамен 300 сауда субъектісі қатысады. Нақтырақ айтсақ, ел бойынша 140 ірі сауда орталығы мен 20-дан астам маркетплейстер 10 күн бойы 10%-дан 70%-ға дейінгі жеңілдіктер ұсынады. Ауқымды акция отандық өндірушілерді қолдап, ішкі сауданы ынталандыру және ел тұрғындары мен қонақтарына мерекелік атмосфера сыйлау үшін ұйымдастырылып жатыр. Акциялық тауарлар арнайы мерекелік «Nauryz» белгісімен безендірілген.
Тойгүл Жұбанисова, Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:
Наурыз біз үшін сәл де болса бағаның қымбаттайтын мезгілін осы стереотипті біз қазір сындырып жатырмыз. Өздеріңіз көріп тұрсыздар, 5 кг ұнның бағасы қазір 1400 тг-ден болып тұр немесе жарты келі макарон бағасы 400 теңгеден болып тұр. Сондықтан біз стереотипке қарсы шығып, Қазақстандағы ірі сауда желілерінде қазақстандықтарға арналған осындай акцияны ұйымдастырып, мереке қарсаңында қазақстандықтарға азық-түлік тауарларының максимал қолжетімді болуын ұйымдастырып жатырмыз.
«Nauryz Sale» акциясынан бөлек Астана
қаласында 14-15 наурыз күндері ауқымды жәрмеңке өтеді. Онда барлық өңірден
жиналған отандық фермерлер өз өнімдерін жеңілдік бағасымен ұсынады. Жәрмеңке елорданың 7 базарында ұйымдастырылмақ.
Мақсат Жаңабаев, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқарма
басшысының орынбасары:
Бұл бірінші локация – «Керуен жолы» базары, екінші локация бізде «Артём» базары, үшінші локация – «Сауран» базары, төртінші локация – «Шапағат» базары, бесінші локация бізде «Евразия» базарында, алтыншы локация «Көктал» базарында, тағы да басқа базарларда. Баршаңызды қатысуға шақырамыз.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00