Басты Жаңалықтар Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды

Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды

Семейде жастарға арналған жаңа алаң – ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды. Бастама өңірде еріктілер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік жобаларды қолдауға және жастардың көшбасшылық қабілетін арттыруға бағытталған. Хабтың ашылуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Халықаралық волонтерлер жылын қолдау аясында іске асты.

Салтанатты шарада ЮНИСЕФ пен Alikhan Bokeikhan университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ерсайын Қабдырашев, бағдарлама жетекшісі:
Бізде қазір 300 мыңға жуық волонтер бар. 800 ұйым бар волонтерлікпен айналысатын. Біздің волентерлеріміз не істейді? Олар әрине білім алады, бала құқықтары туралы. Конвенциялар туралы. Олардың ең басты мақсаты – адвокация. Сонымен қатар экологиялық мәселелерді қамтиды.
Ерсін Мәдиарұлы, волонтер:
Өңірдегі жастарды біріктіру, волонтер жастарды біріктіру. Эковолонтерлікті дамыту. Оның аясында Абай, Шығыс Қазақстан облыстары бойынша 500-ден астам өтініш келіп түсті. Біздің волонтерлік құрамға мүше болуы үшін. Соның 330-ы тұрақты мүше.


Бөлісу