Танымал айтыс ақындары Талдықорғандағы көпбалалы отбасыға үй сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал айтыс ақындары Талдықорғандағы көпбалалы отбасыға үй сыйлады

26.04.2019

Айтыс ақындары көрермендерін тың жобасымен тәнті етті. Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имаш, Сара Тоқтамысова мен Жандарбек Бұлғақов «Ұлы дала ән мен жыры, ақындардың жеті қыры» атты алғашқы кешін Талдықорғанда өткізді.

Бұл жобаның ерекшелігі - ақындар мұнда ән де шырқады, өлең де оқыды. Халықты айтыс өнерімен сусындатып, ұлттық дәстүрі бар думанды шоу ұсынды. Ал, ең бастысы - осы концерттен түскен қаражатты осы өңірдегі көпбалалы отбасының баспаналы болуына жұмсады.

Кеш барысында ақындар 5 бөлмелі үйдің кілтін бес баласы бар Сарыөзек ауылының тұрғынына табыс етті. Ақындар осылай гастрөлдік сапармен Қазақстанның барлық қалаларын аралап шықпақ.

Балғынбек Имаш, ақын:

- Мүмкіндігінше әр барған қаламызға осындай із тастап кетіп отыруға тырысамыз. Қаражатты қайрымдылық мақсатта жұмсаймыз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу