Үйі өртеніп, 6 баламен далада қалған әйелге халық екі қабатты үй алып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үйі өртеніп, 6 баламен далада қалған әйелге халық екі қабатты үй алып берді

23.01.2023

Шымкент қаласында жалдамалы үйі өртеніп кеткен көпбалалы жесір әйелге жұртшылық қаржы жиып, басыбайлы баспана сыйлады. 6 баласымен қаңтардың қақаған суығында далада қалған отбасы енді екі қабатты жайлы үйде ешкімге жалтақтамай өмір сүретін болды. 

Қиын жағдайға тап болған отбасыға алғаш болып еріктілер, журналистер мен қоғам белсенділері көмекке келді. Олардың бастамасымен қайырымдылық есепшоты ашылып, оған 22 миллион теңге жиналған. Жиналған ақша үйден бөлек отбасының несиелерін жауып, жиһаз бен тұрмыстық техника сатып алуға да жетті. Шаһардағы медициналық орталықтардың бірі қайырылымдылық ретінде бұл отбасының балаларына енді тегін қызмет көрсететін болды. Отбасындағы 6 баланың үлкені 13-те, кішісі 2 жаста. Әкелері ішімдікке салынып, отбасын тастап кеткендіктен перзенттерін анасы жалғыз бағып-қағып келеді. 

Назира Дүйсебаева, көпбалалы ана:
Әлі де сене алмай тұрмын. Қуанышымда шек жоқ. Халықтан осыншама ақша жиналып, осындай үй аламын деген үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Барша қазақстандықтарға алғысым шексіз.

Ғани Қалмаханов 

Хабарламаларға жазылу