Алматы облысында 670 көпбалалы отбасыға үй беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 670 көпбалалы отбасыға үй беріледі

03.06.2019

Алматы облысында көпбалалы отбасылар мәселесін шешетін әлеуметтік жол картасы өз жұмысын бастады. Бұл құжат аясында өңірдегі көпбалалы шаңырақтарды баспанамен қамтып, атаулы әлеуметтік қолдау көрсетіп, мектеп бітірушілерді әкім грантымен қамтамасыз ету және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Биыл өңірде 670 көпбалалы отбасыға баспана беріледі. Олардың 320-сы облыс орталығы - Талдықорған қаласынан.

Қазірдің өзінде кәсіпкерлердің қолдауымен төрт және одан да көп баласы бар жанұяларға 60 үй берілді. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасыдан шыққан мектеп бітірушілерге өңір басшысының 100 гранты тағайындалған. Мыңнан астам отбасы көгілдір отынға тегін қосылады.

Ақан Абдуалиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Сұрақтар болды бізде. Егер үй берілген адам ертең атаулы әлеуметтік көмек ала алмай қалса деген. Бір-біріне оның ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан егер реті келіп тұрса, мемлекеттен барлық көмекті алуға құқылы.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу