Ақтауда көпбалалы отбасылар баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда көпбалалы отбасылар баспаналы болды

14.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ақтауда көпбалалы отбасылар баспаналы болды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 53 отбасыға жаңа жалдамалы пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталды.

Тұрғын үй 19 шағын ауданда орналасқан. Әр отбасыға 60 шаршы метрлік 2 бөлмелі пәтердің кілті берілді. Тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекет қазынасынан 790 млн теңге бөлініп, осы пәтерлер сатып алынған. Жалдамалы баспана жекешелендіруге жатпайды. Тұрғындар тек ай сайын заңмен белгіленген мөлшерде жалдау құнын төлеп отырады.

Қамар Айтжанова, Ақтау қаласының тұрғыны:

Көптен бері күткен едім, қуанып жатырмын. Балаларым аман болсын. Әкімге рахметімді айтамын. 8 балам бар. Көптен күткен үй ғой, қатты күттім.


Ақтау

Хабарламаларға жазылу