Ауыл халқы көпбалалы отбасыға баспана сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл халқы көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

28.11.2019

Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында 3060 көпбалалы отбасы тіркелген. Аудан әкімдігі олардың ішіндегі көмекке мұқтаждарына ерекше қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, биыл наурыз айында «Жан жылуы жанұяға» атты қайырымдылық акциясын өткізіп, баспанасыз жүргендерге 48 үйді Үржардың халқы қаржы жинап, тегін сыйлаған. Жақында игілікті іс қайта жалғасын тапты. Бұл жолы да ауданның әрбір азаматы үлес қосып, үйсіз отбасыларға көмек қолын созды.

Жалпы, бір жылдың ішінде баспанасыз жүрген 89 көпбалалы отбасының елуі осы қайырымдылық шарасының нәтижесінде үйлі болған. Үржарлықтардың өткізген кезекті акциясы кезінде бір сағаттың ішінде 15 миллион теңгеден астам қаражат жиналды. Ол да түгелдей мұқтаж жандарға баспана әперу үшін жұмсалмақ.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу