Петропавлда «Ұлтын сүйген ұлылар» атты республикалық ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда «Ұлтын сүйген ұлылар» атты республикалық ақындар айтысы өтті

17.03.2022

Сахна төріне шыққан ақындар елдегі оң өзгерістерді жырына арқау етті. Қоғамдағы өзекті мәселелерді де ұмыт қалдырған жоқ. Әр өңірден жиналған 12 ақынның жыр додасы халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығы мен жазушы, драматург, Сафуан Шәймерденовтің 100 жылдығына, ақын, қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналды. Алты жарым сағатқа жалғасқан аламан айтысты көрермен ерекше ықыласпен тамашалады. Қазылар алқасының шешімімен солтүстікқазақстандық ақын Жарқын Жұпархан бас жүлдеге ие болып, 1,5 млн теңге сыйақыны еншіледі.

Жүрсін Ерман, айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы:

Пандемияның кезінде де айтыс тоқтаған жоқ. Мысалы былтырғы жылы қаншама ақындар айтысы өтті, өңірлердің бәрінде. Биыл да солай басталып, солай жалғасып жатыр. Бұрыннан танымал ақындарды сөзден сүріндіретін жақсы ақындар легі шығып келе жатыр. Демек, айтысқа деген халықтың көзқарасы қандай болса, оның дамуы, қалыптасуы да жақсы үрдіс үстінде деп айта аламын.


Хабарламаларға жазылу