Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте түскен қардың қалыңдығы бір айлық мөлшерге жетті
Солтүстік Қазақстан облысында ақтүтек бораннан мыңнан аса көлік жолда қалды. Полиция және төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Теріскейдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста.
Эльмира
Кәленова, тілші:
Бір тәулікте облыстың кей аудандарында түскен қардың қалыңдығы бір айлық мөлшерге жетті. Таңнан бері ақ ұлпа толастамай тұр. Дегенмен мектептер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Әуе рейстері уақытша тоқтатылды.
Көліктері қар құрсауында қалған 58 адам құтқарылды. Бір жарым сағат бұрын барлық бағыттағы жолдар ашылды. 112 қызметі дауылды ескерту жариялады. Бүгін желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал синоптиктер болжамынша бұрқасын қарлы-жаңбырға ұласып, көктайғақ болуы ықтимал. Облыстың батыс бөлігіне тұман түседі.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16