Басты Жаңалықтар Елімізде электрлі самокаттарды есепке алу және нөмірлеу тәртібі енгізіледі

Елімізде электрлі самокаттарды есепке алу және нөмірлеу тәртібі енгізіледі

Елімізде жалға берілетін электрлі самокаттарды есепке алу және нөмірлеу тәртібі енгізіледі. Жаңа талап самокатты жалға берумен айналысатын компаниялар мен жеке кәсіпкерлерге қатысты. Енді жалға берілетін әрбір самокатқа бірегей тіркеу нөмірі беріледі. Дерекқорда самокаттың маркасы, моделі, шыққан жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға берілген күні, техникалық қызметі және тіркеу нөмірі көрсетіледі. Тіркеу нөмірі самокаттың артқы бөлігіне және руль тірегінің екі жағына орнатылады. Ал істен шыққан самокаттың нөмірі қайта берілмейді. Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс самокат қозғалысын бақылауды жеңілдетіп, қауіпсіздікті арттырады және прокат қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жаңа талап бірінші шілдеден бастап күшіне енеді.

Айдын Меркімбаев, қалалық ПД Профилактика және үйлестіру жұмысы басқармасының өкілі:

Жалға алушы адамның жүргізуші куәлігінің бар екені, 18-ге толғаны туралы мәлімет және сақтандыру полисі болуға тиісті. Қандай да бір құқық бұзушылық тіркелген болса компаниялар сол мезетте, сол күні қандай адам жалға алған болса соған айыппұл жіберетін болады.


Бөлісу