Басты Жаңалықтар «Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Бүгін «Наурыз» бағдарламасымен баспаналы болғысы келетіндерден өтінім қабылдау басталды. Шарттарына тоқталсақ, бағдарламаға «Отбасы банк» салымшылары қатыса алады. Басты талап банктегі шотыңызда кемінде 2 млн теңге жинағыңыз және соңғы 5 жылда атыңызда, отбасы мүшелерінің атында баспанасы болмауы шарт. Ал несие шарттарына келсек, әрленбеген және қайталама тұрғын үй үшін бастапқы жарна 20 пайыз. Таза әрленген үйлердің бастапқы жарнасы 10 пайыздан басталады. Баспана бағасы ең жоғарғы сома өңірлер үшін 30 млн, Астана мен Алматыда 36 млн теңге деп бекітілген. Несие мерзімі 19 жылға дейін. Тұрғын үйлерді Baspana Market порталынан таңдай аласыз. Аталған бағдарлама арқылы бүгінге дейін 15 мың азамат үйлі болған.

Жансұлтан Матай, «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

31 наурызға дейін өтінім қабылданады. Тек онлайн режимде. «Отбасы банк» порталы арқылы жүзеге асырылады. Пайыздық мөлшерлемесіне тоқтайтын болсақ, егер әлеуметтік осал топқа жататындарға – 7%, қалған азаматтарға –  9%. Алғашқы жарна өздерінің үлесі – 20%. Егер ол кісілер дайын, әрленген ішіне кіріп, бірден тұра салатын пәтер ұсынса, ол кезде алғашқы жарна 10 пайызға дейін төмендетілді.

«Ұмай» ипотекасы қайта іске қосылады

Бұдан бөлек, «Отбасы банк» әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекасын қайта іске қосатындарын айтты. Қазіргі уақытта Азия даму банкімен келісімге қол қою процесі жүріп жатыр. Бағдарламаға шілде немесе тамыз айында өтінім қабылдана бастауы мүмкін. Еске салайық, «Ұмай» ипотекасы 2021 жылы іске қосылып, 2023 жылға дейін жұмыс істеді. Бұрын жарияланған талаптарға сәйкес, бағдарламаға қатысу үшін несие сомасының 20%-ына дейінгі мөлшердегі алғашқы жарна «Отбасы банкіндегі» депозитте болуы тиіс. Бағдарламаға 18 бен 65 жас аралығындағы, ресми табысы бар және соңғы алты айда зейнетақы жарналарын үздіксіз аударып келген әйелдер қатыса алады.


Бөлісу