Басты Жаңалықтар Ата заңның жаңа жобасындағы әлеуметтік нормалар талқыланды

Ата заңның жаңа жобасындағы әлеуметтік нормалар талқыланды

Конституцияның жаңа жобасында әлеуметтік кепілдіктерді күшейту негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Құжатта әр азаматтың еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы нақты көрсетілген. Еңбек ресурстарын дамыту орталығында өткен жиында Ата заңның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістерге талқыланды. Сарапшылар әлеуметтік құқықтарды қорғау, еңбектің қоғамдағы рөлі және адами капиталды дамыту бойынша баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жиында азаматтардың жеке деректерін қорғау тақырыбы да көтерілді. Мамандардың айтуынша, Конституция жобасына енгізілген жаңа нормалар цифрлық қауіпсіздікті күшейтіп, мемлекеттік сервистерге деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Орталық басшылығы ұйым азаматтардың дербес деректерімен жұмыс істейтінін айтып, жаңа өзгерістер ақпаратты қорғау мен киберқауіпсіздікке қойылатын талапты күшейтетінін жеткізді.

Ерасыл Жұманбаев, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті:

Цифрландырылуға өте өзекті рөл берілген. Шараның мақсаты - осы жұмыстар бойынша толыққанды халық арасында және өзіміздің әріптестер арасында жан-жақты пысықтап, жаңа Конституция бойынша жаңа баптарды талқылау. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы толыққанда Президентіміздің конституциялық реформасын қолдаймыз. Оны әрі қарай насихаттаймыз.  


Бөлісу