БҚО-да референдум комиссияларының дайындығы пысықталды
Батыс Қазақстан облысына барған Орталық референдум комиссиясының өкілдері мемлекеттік орган өкілдерімен кездесті.
Кеңесте республикалық референдумды әзірлеу және өткізу мәселелері қаузалды. Өңірдегі референдум комиссияларының дайындығы пысықталды. Аймақта 503 референдум комиссиясы бар. Соның ішінде облыстық, қалалық, 13-і аудандық және 489-ы учаскелік референдум комиссиясы. Онда 3215 комиссия мүшесі жұмыс істейді. Қазір олар арнайы семинарға қатысып, білім-біліктілігін жетілдіріп жатыр. Облыс бойынша 446 мыңнан аса азаматтың дауыс беру құқығы бар.
Шавхат Өтемісов, ОРК хатшысы:
Батыс Қазақстан облысына келер болсақ, жалпы жақсы жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекетік органдар өз есептерін берді. Мен өзім облыстық комиссия өткізіп жатқан семинарына қатыстым. Осы жоспар бойынша облыста референдум жоғары деңгейде өтеді деген ойдамыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03