СҚО-да «Ботай. Ғайып ғалам» фильмін түсіре бастады
Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай. Ғайып ғалам» фильмінің түсірілімі басталды.
Кинокартинада өркениетке жол ашқан тарихи кезең мен бүгінгі күн бейнеленеді.
Негізгі түсірілім Айыртау ауданындағы жылқы малы алғаш рет қолға үйретілген
ежелгі Ботай қонысы мен Петропавл қаласында өтеді. Сценарий авторларыларының
айтуынша фильм тарихи деректерге негізделген. Туындыны биыл желтоқсан айында
прокатқа шығару жоспарланып отыр.
Құрманбек Жұмағали, Ұлттық киноны
қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы:
Биыл ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 24 жоба аяқталады. Оның 15-і толықметражды көркем фильмдер. Қалғандары анимациялық, деректі фильмдер. Соның бірі – «Ботай ғайып ғалам». Өңірге үлкен бір серпін береді деп сенімдеміз.
Сонымен қатар Петропавлда жасанды интеллект көмегімен жасалған қысқаметражды
фильмдер байқауы жарияланған болатын. Кино апталығы аясында жеңімпаздар
марапатталды. Жоба мәдениетті, ұлттық
тарихи-мәдени мұраны және заманауи құндылықтарды цифрлық технологиялар арқылы
дәріптеуге бағытталған. Байқауға 100-ден астам еңбек ұсынылды. Онлайн байқауға
Қырғызстан, Өзбекстан, Ресеей авторлары да қатысты. Жеңімпаздар қаржылай
сыйлықпен марапатталды.
Евгений
Зиновьев, мультипликатор:
Мен «Ботай» мәдениеті тақырыбын таңдап алдым. Тек тегін платформаларды пайдаландым. 5 күнге жуық уақытым кетті. Режиссерлік білім қажет болды. Жеңімпаз атанамын деп күтпеген едім.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«IT-Aiel» және «AqylTech» жобасының жаңа маусымы басталды
04.03.2026, 17:35
Көлікті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасымен тіркеуге болады
04.03.2026, 17:33
«Стрептоцид» препаратының сериясына тыйым салынды
04.03.2026, 17:31
Ақмола облысында қызылшамен ауырған 66 курсанттың бәрі жазылды
04.03.2026, 17:29
Конституция жобасы – ел болашағының берік негізі
04.03.2026, 17:27
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
04.03.2026, 17:24
Референдумды 18 мыңға жуық байқаушы қадағалайды
04.03.2026, 17:22
Қазгидромет: 5 өңірде тасқын қаупі жоғары
04.03.2026, 17:20