Атыраудағы еңбек адамдары коалиция мүшелерімен әңгімелесті
Жаңа Конституция жобасында экологиялық қауіпсіздік пен табиғи ресурстарды қорғау мемлекеттің стратегиялық бағыты ретінде бекіді. Бұл мәселелер, әсіресе, мұнайлы Атырау аймағы үшін аса маңызды. Сондықтан алдағы референдум әрбір азамат үшін айрықша мәнге ие дейді көпшілік. Өңірге арнайы барған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы бас құжаттың негізгі бағдарын тұрындарға түсіндірді. Одан әрі Ерлан Қошанов бастаған топ Ата заң жобасын жергілікті жастармен де талқылады. Бас қосуда білім беру, ғылым, инновациялар, цифрлық құқықтарды қорғау және талантты жастардың әлеуетін таныту мәселелері сөз болды. Коалиция мүшелері өңірдегі іргелі кәсіпорынның бірі «ҚазТурбоРемонт» қызмет көрсету орталығында да барды. Еңбек ұжымы Жаңа Конституция жобасы еңбек қауіпсіздігін және әділ еңбекақы кепілдіктерін күшейтетінін айтты.
Конституция жобасының басынан аяғына дейін адамдардың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, мүлтіксіз қорғау, мүлтіксіз күзетуге бағытталған. Біздің бойымызға сіңген еркіндік, теңдік, әділдік, жауапкершілік, табиғатты аялау деген ұстанымдар бар. Бұл біздің қанымызға сіңген қағидалар. Мұның бәрін біріктіріп, Әділетте Қазақстан «Заң мен тәртіп» деген қағидаттың ішіне сіңіріп, оны негізгі бағыт ретінде нақытылап берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы