Басты Жаңалықтар Жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

Жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланды

Жауынгерлік дайындық жүйесін арттыру қажет. Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов Қарулы күштер басшылық құрамына қызметтік жиналыс өткізді. Отырыста жеке құрамды оқытуда практикалық бағытты күшейту, барлық деңгейдегі командирлердің жауынгерлік дайындық сапасына жеке жауапкершілігін арттыру жайы талқыланды. Сонымен бірге, оқ ату курсы, физикалық дайындық бойынша нормативтер жинағын жаңарту, оқу орталықтарының көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру, барлау бөлімшенің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымдарын жетілдіру мәселелері пысықталды. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына да ерекше назар аударылды. Ведомство басшысы запастағы офицерлерді даярлау тәсілдерін жаңарту, резерв, барлау, тыл мен медициналық қызмет бөлімшелерінің командирлік және жауынгерлік даярлық бағдарламаларын жаңғырту жөнінде тапсырма берді.


Бөлісу