30 ұлттың баласы бір шаңырақ астында
Петропавлда 30-ға жуық ұлттың баласы бір шаңырақ астында білім алып жүр.
Ұлттық жаңғыру мектеп-кешені 1991 жылы ашылған болатын. Қазір 2 мыңға жуық бала білім алып жүр. Педагогтардың айтуынша мұнда достық пен бауырластық басты құндылықтардың біріне айналған. Балалар тілі мен түріне, діні мен діліне қарамастан барлық ұлттық мерекелерді бірге атап өтеді. Диаспоралар 10 бөлімге топтастырылған. Мектепте балаларға білім беріп қана қоймай, ана тілін меңгеруге, мәдениеті мен дәстүрін тануға жағдай жасалған. Білім ошағының қабырғасында шағын музей жұмыс істеп тұр. Онда әр халықтың тарихы, ұлттық киімдері, музыкалық аспаптарымен танысуға болады.
Ләззат Жолмұқанова, мектеп директоры:
Көпұлтты мектеп болғансын, біздің өзіміздің миссиямыз да басқаша. Бала көп болғансын олар сенбі-жексенбі келіп, өздерінің тілдерін оқытады деген сияқты. Және де бұлардың мұғалімдері жоғары оқу алған мұғалімдер.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16