Алматыда жоғары білімді дамытудың жаңа бағыттары талқыланды
Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде әлеуметтік-гуманитарлық және саяси ғылымдардың рөлі арта түсті. Осы бағытта өткен ғылыми конференцияда заманауи білім беруді дамытудың басты стратегиялары кеңінен талқыланды. Жиында қазіргі цифрлік жаһандану жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу мен оқыту үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар, еліміздің жоғары білім беру саласында көшбасшылықты дамытудың жаңаша бағыт-бағдарлары айқындалды. Конференцияға 50-ден аса отандық және шетелдік университеттің профессор-оқытушылары мен ғалымдары қатысты. Сала мамандарының айтуынша, жасанды интеллект тек техникалық емес, гуманитарлық ғылымдардың да мазмұны мен әдіснамасын жаңғыртуға ықпал етеді.
Таңат Аяпова, «Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы» бірлестігінің президенті:
Қазақ ғалым әйелдерінің, қыздарының рөлі қандай екен, қандай жұмыстар жасалып жатыр екен, кәсіби маман ретінде қалай жұмыс жасап жатыр екен және ғалым ретінде қалай жұмыс жасап жатыр? Міне, бүгін соны ортаға салып, бәріміз соны талқылап, белгілі бір қорытынды жасап, қоғамға, жастарға, жас ғалымдарға, ғылымға пайдалы бір шешімдерге келмекшіміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы